Атырауда колледж студенті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ақ жемпір киген қыз қатарласын ұрып-соққаны анық көрінеді.
Атырау облыстық Полиция департаменті күдікті ұсталып, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілгенін мәлімдеді.
"Барлық қатысушы профилактикалық есепке алынады, ал іс материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданады. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу міндетін орындамаған ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – деп жазылған полицияның хабарламасында.