Жансейіт Түймебаев: "Киелі жерлердің тізімі жасалып, өңірлік карта жобасы әзірленді"

Dalanews 22 қар. 2018 06:25 935

Қ.А.Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақстанның киелі жерлері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. 

"Адамды білімді, әрі рухани бай етіп тәрбиелеуге бағытталған «ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫ аясында өлкенің тарихын кеңінен тану, зерттеу мақсатында 5,6,7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығын баспадан шығаруға жергілікті бюджеттен 153 млн. теңге қаралып, 50 мың данамен шығаруға баспаға жіберілді. Бағдарламаға орай, қасиетті жерлердің тізімін қалыптастыруға ұсыныстар әзірлейтін тарихшылар, ғалымдар, археологтардан тұратын арнайы өңірлік жұмысшы тобы құрылып, облысымыздағы қасиетті, киелі нысандардың тізімі іріктеліп, өңірлік карта жобасы дайындалды" - деді өңір басшысы.

Қ.А.Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақстанның киелі жерлері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде әкім, сондай-ақ, облыс тарапынан «Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығына 104 нысан ұсынылып, оның ішінен 26 нысан республикалық тізімге енгізілгенін жеткізді. Сонымен қатар, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ» арнайы жобасы аясында атқарылып жатқан істерге тоқталып, жалпы бағдарламалық мақаланың барлық міндеттері бойынша облысымызда атқарылған істерді айтып өтті.

Мұнан бөлек, жүздесуде «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Нұртай Әбіқаев, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Болатбек Абдрасилов, ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан" орталығы басшысының орынбасары Батырхан Жұмабаев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеевтар және шет елдік диаспора өкілдірі сөз сөйлеп, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар