Жансейіт Түймебаев ең үздік медиаторымен кездесті

Dalanews 15 қаң. 2018 03:46 1000

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2017 жылдың қорытындысымен еліміздің ең үздік медиаторы атанған жерлесіміз Лаура Ақшегіровамен кездесті. Кездесу барысында еліміздегі медиация институтын дамыту мен тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ, 2017 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өткен байқауда үздік деп танылған облыстық медиация өкілдігінің алдағы жұмыс жоспары талқыланды.

– Бүгінде бүкіл әлем елдері дауларды дабырайтпай шешудің амалы ретінде медиация жүйесі қолданылып келеді. 2011 жылдың 28 қаңтарында елімізде «Медиация» туралы Заң қабылданды. Міне, содан бері аталған заңға сәйкес Қазақстанда дауларды бітімгершілікпен шешудің жаңа түрі енгізілді. Бұл үрдіс өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Оның үстіне оңтүстікқазақстандық медиация өкілдігі елімізде үздік атанып отыр. Сондықтан алдағы жылдары да аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін, – деді Жансейіт Түймебаев.

Бүгінгі таңда «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі медиация институтының жұмысын жандандырып келеді.  Қазіргі таңда елемізде 700-ден астам кәсіби медиатор жұмыс істейді.

Ал, «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында 26 кәсіби медиатор жұмыс істейді. Мамандар бір жыл бойына 5 мыңнан астам істі қарап, оңтайлы шешілуіне ықпал ете білген.

Кездесу барысында ҚР «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі өңір басшысы Жансейіт Түймебаевқа бірлестік төрағасының атынан Алғыс хат табыс етті.

Бүгінде елімізде сот судьяларымен даулардың жекелеген санаттары бойынша жанжалды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асып отыр.   Оның негізінде сот процесінде судьялар арызданушы мен айыпталушы тараптарды медиация тәртібіне жүгінуге шақырады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар