«Universal Energy» компаниясының қатысуымен Алматы облысының Іле ауданында күн электр станциясын салу жоспарланып отыр.
Электр станциясының жобалық құны 13 млрд теңге, ал қуаттылығы 50 МВт құрайды.
Жобаны іске қосу, өңірдің энергетикалық әлеуетін дамытып, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың, заманауи технологияларын енгізуге үлес қосады. Станцияны қолданысқа беру ағымдағы жылдың 2 сәуіріне жоспарланған.
Еске саламыз, «Mistral Energy» ЖШС 2018 жылы құрылған. Компания қызметінің негізгі түрі-электр энергиясын өндіру. «Universal Energy» компаниясы "жасыл" энергия жобаларын инвестициялауға, дамытуға, салуға, пайдалануға және қызмет көрсетуге мамандандырылған.
Анар САБЫРОВА, Алматы облысы.