– Жанболаттың атасы елге танымал шебер – Қуан Әлиев. Баламыз атасына ұқсап, мүсін жасауды 4 жасынан үйренген. Атам секілді шебер боламын деп талпынады. Жанболаттың жетістіктерге жетуіне мектептегі ұстаздарының да ықпалы зор. Олар баламды үнемі түрлі сайыстарға қатыстырып отырады, – дейді Жанболат Берікұлының анасы Жаннат Арықбаева.
Талантты оқушы мүсін жасау өнерімен ғана шектелмейді. Мектептегі мерекелік шараларда ән айтып, белсенділігімен көзге түсіп жүрген үлгілі оқушылардың бірі.