Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі жол апатына ұшырады: екі адам қаза тапты

Сағыныш Сардарова 18 қаң. 2026 19:54

Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі мен Lifan маркалы жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жол апаты 18 қаңтарға қараған түні Манат көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі Lifan көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан арнайы техника қоршауға және жекеменшік тұрғын үйге соғылған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан екі адам көз жұмды.

Бес адам зардап шеккен, олардың үшеуі - өртке қарсы қызметтің қызметкерлері. Барлығы медициналық мекемелерге жеткізілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove