Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзинаның айтуынша «Мұнайшы» мәдениет үйінің жанынан құрылған ұжым жас мамандармен қамтылған.
– Театрдың бағасын ең бірінші беретін кім, ол көрермен. Қазіргі уақытта, Н.Жантөрин театрындағы қай қойылымның да өз көрермені бар. Осы аптада шығарылған қойылымды, келесі аптада сұраушылар өте көп. Біз оны мақтаныш етеміз. 2004 жылы алғаш рет құрылған облыстағы Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры да осылай өз бастауын алып, жұмыс бастаған еді. Бүгінде республика бойынша алдыңғы қатарда. Міне, жаңадан құрылған бұл театрдың жұмысына сәттілік тілеп, жаңа деңгейден бой көрсетеді деген сенімдеміз, – деді Пәния Сармурзина.
Алдағы уақытта жас әртістер өнер академиясының білікті мамандармен өзара тәжірибе алмасады. Өнер ұжымы өскелең ұрпаққа рухани құндылықтарды дәріптеп отандық және әлемдік қойылымдарды сахналауға, мәдени-эстетикалық әлемнің, таным-тағылымын, шығармашылық әлеуетін жетілдіруге күш салмақ.