Қазіргі уақытта Жаңаөзендегі 13 компания 200-ден астам түрлі бағытта бос жұмыс орындарын ұсынылған. Айталық, сәулетші. өндіріс инженері, call-орталық операторы, кассир-бухгалтер, асхана қызметкері, автослесарь, менеджер, электрик, сату менеджері, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, сатушы, тазалық қызметкері, әкімші сынды жұмыс орындары бар.
Ұсынылған бос жұмыс орындарының ең жоғарғы жалақысы – 280 мың теңге, лауазымына, біліктілігінің болуына байланысты ең төменгі жалақы 140 мың теңгені құрайды.
Көптеген бос жұмыс орындары үшін жоғары білім қажет емес.
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қызметкерлері жиналғандарға қолда бар жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды және мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу алгоритмі шеңберінде өз кезегін күтуді ұсынды, алайда жұмыссыздар жалпы кезекті айналып өтіп "Өзенмұнайгаз" АҚ-на жұмысқа орналасуды талап етуде.
Бұл талап өз кезегін күтіп отырған қаланың басқа да тұрғындары үшін әділетсіз болып табылады. Олардың көпшілігі қазіргі уақытта басқа салаларда жұмыс істейді.
https://dalanews.kz/ekonomika/88872-home-card-lite-ieleri-osy-zhyldyng-algashqy-3-ayynda-556-m