Оқушылар мұнда жазғы демалыс уақытын босқа жібермей, тестілеуден өтті. Математика, сыни және кеңістіктіктегі ойлаудан тұратын 3 кезең Жаңаөзен қаласынан 858 оқушыны қамтыды.
Еліміздің үздік мектептерінің бірінде Жаңаөзен қаласының оқушыларының білім алу мүмкіндігі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен жүзеге асуда.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан іріктеуден өткен 50 оқушыға арналған оқу гранттарын «Samruk-Kazyna Trust» қоры төледі. Гранттар оқуға, жол жүруге және қажетті мектеп киімін алуға байланысты шығындарды жабады.
Жобаға қатысушылар өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, келешек даму үшін қажетті дағдыларды - сыни ойлауды, эмоционалды зияткерлікті, көшбасшылық қасиеттерді және жеке басын жетіктіктерге ынталандыруды меңгереді.
«IQanat» мектебінің заманауи әрі жаңаша әдістемелері бойынша оқыту нәтижесінде балалардың академиялық көрсеткіштері артып, өзекті техникалық және шығармашылық IT-дағдылары қалыптасады.