24 қараша күні «Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржыландыратын Жаңаөзен қаласының әлеуметтік сала нысандарына жергілікті БАҚ пен ҮЕҰ өкілдері, қоғам белсенділері, өңір мен «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары қатысты. Тур бағдарламасына сәйкес қонақтар жаңа жобалардың қолданыстағы нысандары мен құрылыс алаңдарына барды.
Мемлекет басшысы жариялаған «Балалар жылында» Қор өскелең ұрпаққа сапалы медициналық және білім беру қызметтерін алу үшін жағдай жасау жөніндегі бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударады. Басымдық берілген жобалардың бірі – Жаңаөзен қаласының үш жалпы білім беретін мектебін жаңа парталар жиынтығымен және интерактивті тақталармен жабдықтау. Көпшілік жиналған шара барысында №22 мектептің директоры Зәуре Құсайынова кабинеттерге экскурсия өткізді, онда оқушылар жаңа эргономикалық парталарда отырып білімдерін шыңдауда, ал мұғалімдер заманауи интерактивті тақталарды қолдана отырып тақырыптарды терең түсіндірді. Жобаның жалпы бюджеті 169 млн теңгені құрады.
– Интерактивті тақталар қыркүйек айында орнатылды. Жаңа технологиялар бізге пәнді тереңірек зерттеуге және оқу материалын меңгеруге көмектеседі. Тапсырмаларды орындау кезінде бізге сызбаларды сызу және онлайн қызметтер арқылы географиялық карталармен жұмыс істеу ыңғайлы. Слайдтармен жұмыс істеу тіпті қызықты болды, – деп бөлісті 9 «Ә» сынып оқушысы Диляра Ізбасар.
Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ерекше балаларға арналған екі әлеуметтік нысан ел назарына ұсынылды – оның бірі «Балақай» оңалту орталығы, ал екіншісі «Саламатты болашақ» бейімдеу спорт секциялары. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан бөлінген 40 млн теңге мөлшеріндегі қаржылық көмек сал және нейро-ортопедиялық аурулары бар 600 балаға арналған оңалту орталығының медициналық жабдықтарына қарастырылды. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар балалар «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры ұйымдастырған жүзу және бочча секцияларымен айналысады. Бұл жобаның құны 6,5 млн теңгені құрады.
Ерекше балалардың ата-аналары үшін өңірлерде осындай орталықтардың ашылуы үлкен көмек. Бала дертіне ем іздеп жол жүруге ақша мен уақыт жұмсамай, баланы үйде дамытуға және емдеуге мүмкіндік беру – бұл отбасылар үшін ең маңызды нәрсе.
– Немеремнің денсаулығында екі айлығынан бастап әлсіздік біліне бастады, кейін біз денсаулығына қатысты талдау жұмыстарын жүргізген едік, нәтижелері оң болып шығып - дамуының кешігуі анықталды. Қазір «Балақай» оңалту орталығында үшінші курстан өтіп жатырмыз. Бүгінде Нұртілектің денсаулығы жақсара бастады, отыруды үйренді, енді жүруге талпыныс жасап жүр! Мен орталық ұжымына және «Самұрық-Қазына» қорының жасап жатқан еңбегіне алғыс айтамын. Сіздерге тек өркендеу мен сәттілік тілеймін! – деп ойымен бөлісті Әлия Ергепова.
Баспасөз турының жоспарына сәйкес келесі нысаны дене шынықтыру-сауықтыру кешені болды, онда олимпиадалық резервтегі оқушылар мен жасөспірімдер спорт мектебі еркін күрес, каратэ, гимнастика және т.б. спорт секцияларымен айналысады. Спорт кешені «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қаржылық қолдауымен салынды, оның құны – 228,3 млн теңге. Құрылымға ойын спортына арналған әмбебап спорт алаңы, күрес алаңы және екі жолақты жүгіру жолы кіреді.
Баспасөз туры соңында қатысушылар Жаңаөзен қаласы мен Жетібай ауылындағы «Спорт алаңдарын салу» жобасы бойынша жұмыстары басталған нысандарды аралады. Жоба аясында жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам 400-ден 1200 шаршы метр аралығында 21 спорт алаңы салынады. 2023 жылдың 2 тоқсанының соңына дейін Жаңаөзен қаласында 16 алаң, Жетібай ауылында 5 алаң қолданысқа беріледі.
–«Самұрық-Қазына» компанияларының тобы Жаңаөзен қаласында көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, «Жарылқау» жобасы аясында мектептерді жиһазбен және жабдықтармен жарақтандыру, оңалту орталығын, бейімделгіш спорт секцияларын ашу және басқа да нысандар. Бұл қаланың дамуына және балаларымыздың болашағына баға жетпес үлкен үлес. Біздің бүгінгі ынтымақтастығымыз тұрақты және табысты болады деп үміттенеміз! – деп атап өтті Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Жұлдыз Мұхамбетқалиқызы.
«Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылық жобаларын іске асырады және бірінші кезекте халық үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге назар аударады және Маңғыстау облысында бар үкіметтік емес ұйымдар мен портфельдік компаниялардың бастамаларын қолдауға дайын. Биыл ғана өңірден 1,8 млрд теңге сомаға 8 жоба мақұлданды.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қаржылай қолдауының арқасында Маңғыстау облысында 4,2 миллиард теңгеге 42 әлеуметтік жоба іске асырылды.