Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе 60 мәселені қарастырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 8-отырысында атқарылған жұмыстардың алдын ала қорытындысы қаралды.
Жобалық кеңсенің отырыстарында Салық кодексінің нормаларын имплементациялауға байланысты барлығы 60 мәселе қаралды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды импорттау кезінде ҚҚС қолдануға және орфандық және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектерді ҚҚС-тан босатуға қатысты заңға тәуелді актілерге өзгеріс енгізу жұмысы аяқталуда. Биылғы 13 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің ҚҚС-сыз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға шекті бағаны белгілеу туралы бұйрығы қабылданды.
Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Қаржы министрліктері, Табиғи монополияларды реттеу комитеті және «Самұрық-Қазына» оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысты сатып алу қағидаларындағы өзгерістерді пысықтауда. Бұл квазимемлекеттік компаниялар тарапынан шығындарды ұлғайтпай салық заңнамасын, өндірістік процестерді сақтауға және бәсекелестік ортаны қолдауға бағытталған тетіктер туралы. Салық кодексінің идеологиясын негізге ала отырып, тиісті өзгерістерді әзірлеу үшін бірыңғай негізді Ұлттық экономика министрлігі қалыптастырады.
«Таза парақтан» әкімшілендіруге, салық режимдерін өзгертуге, қаржы секторына, СӘАЖ жұмысына және басқаларға қатысты қалған мәселелер жедел шешілді.
