Астанада Жоғары аудиторлық палата ғимаратын салу үшін 26 тұрғын үй сүріледі, деп хабарлайды Dala News.
Қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, тиісті шешім 2024 жылғы 23 мамырдағы әкімдік қаулысы негізінде қабылданған.
Жоба Керей, Жәнібек хандар және Орал көшелерінің қиылысында жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда:
•26 үйдің 14-і сатып алынған;
•12 үй бойынша өтемақы мәселесі сотта қаралып жатыр.
Мекеменің мәліметінше, мүліктің құны тәуелсіз бағалау ұйымдары арқылы нарықтық бағамен анықталады.
Егер меншік иелері ұсынылған өтемақымен келіспесе, жер телімдерін мәжбүрлі түрде алу сот арқылы жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда сот арнайы сараптама тағайындап, соның қорытындысы бойынша өтемақы көлемін белгілейді.
Қорытынды төлем мөлшері сот шешімімен бекітіледі.
