Жаңа Қазақстан туралы қалжыңдаған әзілкеш бостандыққа шықты

Көркем Алдабергенова 05 там. 2024 14:38 3012

Жаңа Қазақстан туралы әзілден кейін қамауға алынған әзілкеш Александр Меркуль бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Александр Меркульдің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Астаналық стендапер Александр Меркуль 10 тәулік қамауда отырып шықты. 

"Үйдемін, қолдап жатқан барлық жанға рақмет, бәріңді жақсы көремін", - деп жазған ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Астаналық стендапер Александр Меркуль 10 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Астананың мамандандырылған ауданаралық соты растады. Әзілкештің қамауға алынуына оның жаңа Қазақстан туралы әзілдеп, былапыт сөздері себеп болған көрінеді.  

"Сот отырысында А.И.Меркуль өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, сотқа 2024 жылғы 7 маусымдағы видеода аты аталғандар мен балағат сөздер әзіл қойылым ретінде айтылғанын атап өтті", - деп жазылған сот үкімінде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар