Қазақстан Үкіметі кәсіпкерлікті дамыту бойынша кешенді жұмысты жалғастырып жатыр. Осы тұста билік 2024 жылы шағын және орта бизнеске 900 миллиард теңгеден астам сомаға несиені субсидиялауға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Соңғы жылдары мемлекет кәсіпкерлікке ерекше ден қоюының нәтижесінде елде жұмыссыздық мәселесі шешіліп жатқанын атап өткен жөн.
Мәселен, қабылданған түрлі шаралардың арқасында шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 10%-ға артып, 4,3 млн адамға жетті. Бұл елімізде еңбекке қабілетті азаматтардың 45 пайызын құрайды.
Осыған байланысты барлық қызметтер мен ведомстволардың лауазымды тұлғалары республикадағы кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін 9 мыңнан астам “қажетсіз” талаптарды алып тастады. Алайда Қазақстан кәсіпкерлеріне ең керемет сыйлықты салық қызметі тарту етті.
Бұдан былай жалпы салықтар мен басқа да төлемдер саны 20%-ға, ал салық есебі нысандарының саны 30%-ға қысқарады. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар 3 жылға салық төлеуден босатылады.
Нәтижесінде салық міндеттемелерін орындау жеңілдетіліп, салық жинау тиімділігі артады.