Жаңа Конституцияның 9 бабына өзгерістер енгізіліп, нақтыланды

Жаңа Конституцияның 9 бабына өзгерістер енгізіліп, нақтыланды
ЖИ: Dalanews.kz

Конституцияның жаңа жобасының 9-бабына өзгеріс енгізілетін болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Енді 9-баптың мәтінінде «қатар» деген сөз «тең» деген сөздің орнына жазылады. Яғни:

«Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады».

Қолданыстағы Конституцияның тілге қатысты бабында (9-баптың  2-тармағында) "Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деп жазылған.