Жаңа "Әліппеде" кириллица қарпі қолданылады

Dalanews 03 қар. 2020 10:46 1612

Астанадағы Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына қарасты орта білім орталығының басшысы Манара Адамқызы "Әліппе" оқулығы әзірге кириллица қарпімен шығатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бүгінгі таңда кириллица әліпбиіне негізделген әріптерді пайдаланып жүрміз. Бұл әліпби 42 әріпке негізделген. Осының негізінде  "Әліппенің" оқу бағдарламасы әзірленді. Алайда алдымызда латын графикасына біржолата ауысу мұраты тұр. Қалай болғанда да бұл бағдарламаны уақыт өте латын әліпбиіне көшіреміз. Ол жобаны сайлап қойдық, алайда бағдарлама әлі де болса пысықтауды талап етеді", - деді Адамова Ортком қызметінде өткен шарада.

Айта кетелік бүгін ғана БҒМ вице-министрі Шолпан Кәрінова "Әліппе" оқулығының бекітілгенін хабарлаған болатын. Оның атап өткеніндей, "Әліппе" оқулығын шығару жұмысы басталады. Алайда бірінші кезекте оқулық апробациядан өтеді. Осы мақсатта пилоттық мектептердің тізімі жасалған. Бұл іс 2021 жылдың қаңтар айына жоспарланған.

"Оқуылықты асықпай, сараптаманың өткізіп қана жаңа оқу жылына енгіземіз.  "Әліппені" 2021-2022 оқу жылына енгізу жоспарда бар. Бұған сай тиіс жұмыс жүруде. Өздеріңіз білетіндей, желтоқсан айында "Әліппе" оқулығымен қоштасу өткізетінбіз. Жаңа бағдарлама да соған негізделген. Үшінші және төртінші тоқсанда оқушылар әрі қарай  "Ана тіліне" көшеді ", - деді Кәрінова.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар