Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Dalanews 28 қаң. 2026 06:42

Жамбыл облысында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз оққа ұшып қайтыс болған. Қорғаныс министрлігі қайғылы оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің басшылығы Жамбыл облысында қаруды пайдалану кезінде алған оқ жарақат салдарынан қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен жан-жақты қолдау көрсетіледі, - деп жазылған ресми хабарлама.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қайғыля оқиғаның мән-жайларын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен комиссия жіберілген. Ал барлық жағдайды Қорғаныс министрі жеке бақылауында ұстап отыр екен. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove