Жамбыл облысында офицер өзіне қол жұмсаған

Dalanews 24 қар. 2021 03:48 1020

ҚР Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Гвардейск гарнизонында әскери бөлім офицерінің өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Оқиға 22 қарашада болған.

Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі мен туыстарының өтінішіне қарай өзге ақпарат жарияланбайды» делінген министрліктің Телеграм арнасында жариялаған хабарламасында.

Orda.kz сайтының хабарлауынша, Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы гарнизонда істеген әскери қызметкер «жүрегіне оқ атқан». Қаза болған адамның Семейден екені хабарланды. Соңғы хатында әскери қызметкер «ата-анасы мен командирлерінен кешірім сұраған».

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар