Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы төбелес оқушының өлімімен аяқталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы төбелес кезінде қаза тапқан.
Оқиғаның мән-жайы
Ақпарат бойынша жанжал мектеп әжетханасында болған, сыныптасы баланы кеудесінен ұрған, соққы салдарынан оқушы көз жұмған.
Полиция түсініктемесі
Жамбыл облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.
"Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті жасөспірім анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.
Бұл – аймақтағы кейінгі бір аптада тіркелген екінші қайғылы жағдай. 12 қыркүйекте Шу ауданының Көкқайнар ауылында да оқушы көз жұмған.