Жамбыл облысында ерлі-зайыпты WhatsApp-та жұртты сан соқтырып, 50 млн теңгесін иемденген

Сағыныш Сардарова 11 нау. 2026 12:18

Жамбыл облысында ерлі-зайыпты WhatsApp-та жұртты сан соқтырып, 50 млн теңгесін иемденген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Күдіктілер 2024 жылы желтоқсаннан бастап алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз пайда табу мақсатында WhatsApp мессенджерінде ыдыс-аяқ пен өзге де тұрмыстық тауарларды төмендетілген бағамен сататыны туралы хабарландырулар жариялаған.

Сатып алушылардың сеніміне кіру үшін алғашқы клиенттерге тауарлар жеткізілген. Кейін басқа азаматтардан тапсырыс қабылдап, ақшасын алғанымен, олар тауарларды жеткізбеген. Қаражатты өз қалауынша пайдаланған.

Қылмыстық әрекет салдарынан 112 адам зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 51 288 146 теңге көлемінде материалдық залал келген.

Сот үкімімен ер адам 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылса, ал әйелі 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove