Бірнеше жыл бойы өгей ұлын сабап, жертөледе қамаған ер адам шартты жаза алды. Жамбыл облыстық сотының бұл шешімі баланың туған әкесінің ашу-ызасын туғызды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Orda.kz мәліметінше, тергеу деректеріне қарағанда, ер адам пасынғын жүйелі түрде ұрып-соғып, аш қалдырып, қолын байлап, сарай мен жертөлеге қамап отырған. Бірде тіпті оны ерітіндіге батырып, тұншықтырмақ болған.
Оның қатыгез әрекеттерінің бірі бала кәмпит жеп қойғаннан кейін жасалған.
Тергеушілердің айтуынша, баланың анасы – аудандық білім бөлімі қызметкері Гүлмира Маденова да жағдайдан хабардар болып, күйеуінің қылығын құптап келген. Баланы мектепке жібермегенін біле тұра, оқу орнының әкімшілігі де көз жұма қарап, тек тәртіптік жаза алды.
Бір жыл бұрын бала үйден қашып шыққан. Оны ауыл тұрғындары тауып алған кезде, денесінде көптеген жарақат болды: құлағында, мойнында және денесінде сызаттар, қолында көгерген іздер анықталған.
Бұған дейін Жуалы аудандық соты өгей әкені төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді.
Алайда апелляциялық сатыда Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Нұрмұхаммат Абидов бапты қайта саралап, жазаны шартты жазаға ауыстырды.
Айта кетейік, Жамбыл облысында бұған ұқсас тағы бір іс тергеліп жатыр. Көктал ауылында туған ағайындылардың бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылық көргені айтылған. Ал жақында олардың анасы да күдіктіні ақтап алуға тырысқан болатын.