Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар 1,5 есеге артады

Dalanews 06 нау. 2019 04:59 985

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімінің орынбасары Талғат Момышев, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Арубаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Спикерлер Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған тапсырмаларын орындау туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Елбасының «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес облыста ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр. Съезде Елбасы тұрғындардың кірістерін ұлғайту және аз қамтылған топтарға қолдау көрсетіп, тұрғын үй мәселелерін шешу, сонымен қатар өңірлерді кешенді дамыту қажеттілігі туралы айтқан болатын. Сондықтан да бүгінгі күннің әлеуметтік саясаты үш негізгі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталып отыр. Ең бірінші міндет табысты арттырып, халықтың аз қамтылған топтарын қолдау. Бұл бағытта Мемлекет басшысы қазақстандық отбасылардың әл-ауқатының деңгейін арттыру жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырды.

Нәтижесінде 2019 жылғы 1 шілдеден бастап:

- жалақысы төмен бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға дейін артады. Бұл облыстың 40 мыңнан астам халқын құрайды.

- аудандық және облыстық деңгейде халықпен тікелей жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25 пайызға артады, бұл облыстың 2403 қызметкерін құрайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар