Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 08 шілде Астана уақытымен 14 сағат 30 минутта жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 334 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер:
Құлан а. 6 б.
Мерке а. 5 б.
Шу қ. 3 б.
Сарыкемер а. 3 б.
Төле би а. 3 б.
Тараз қ. 3 б.
Аса а. 2 б.
Мойынқұм а. 2 б.
Қордай а. 2 б.
Бауыржан Момышұлы а. 2 б.
Қаратау қ. 2 б.
Тұрар Рысқұлов а. 2 б.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.