Жамбыл облысында 100 млн теңгеден астам қаржы жымқырылған

Самал Асқар 22 сәу. 2026 14:39

Жамбыл облысында прокурорлар 108 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырылу фактісін анықтады, деп хабарлайды Dala News.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, Меркі ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне қатысты талдау жүргізілген.

Тексеру барысында бөлім Мынқазан ауылындағы тұрғын үй массивіне электр желілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін мердігер ұйымға қаражат аударғаны белгілі болған.

Осының салдарынан мемлекетке 108 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Аталған дерек бойынша 2026 жылғы 30 наурызда Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс одан әрі тергеу жүргізу үшін ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолданған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove