Осындай тарихи сәтте Арыс қаласының мемлекеттік және мемлекеттік қызмет ұсынатын ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ, жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер диктант жазуға белсенді қатысты.
Диктант жазудың алдында Арыс қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқытушылары түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті. 15 минут бұрын тыңдаушыларды латыннегізді қазақ әліпбиімен, әсіресе, төл дыбыстардың жазылуымен таныстырып, оларға жаңа әліпби, арнайы жазу парақтарын таратты. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.
Бекітілген диктант мәтіні emle.kz сайтының басты бетінде орналасқан сілтеме бойынша белгіленген уақытта аудиожазба арқылы оқылды. Тыңдаушылар диктант жазу барысында латыннегізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру деңгейін көрсетіп, тілге деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі