Жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға болмайды: Тоқаев маңызды заңға қол қойды

Сағыныш Сардарова 09 сәу. 2026 14:05

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды заңға қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бірнеше күн бұрын Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Осы заңға сәйкес мынадай өзгерістер болады:

  • Еңбек қатынасының белгілері анықталса, азаматтық-құқықтық келісімшарт (ГПХ) рәсімдеуге жол берілмейді.
  • 14 жасқа толмаған балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыс беруші өз бастамасымен жұмыстан шығара алмайды, қысқарту кезінде де бұл талап сақталады.
  • Жазатайым оқиға кезінде қызметкердің кінә деңгейі 25%-дан аспайды.
  • Ер азаматтардың декреттік демалысы зейнетақы есептеу барысында ескеріледі.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс қауіпсіз еңбек жағдайын күшейту және жұмысшылардың құқығын қорғауға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove