Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне қызылша деген күдікпен 8 айлық сәби жеткізілген. Тексеріс барысында баланың іш қуысынан ине анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz otyrarkz-ке сілтеп.
Сәбидің мазасыздануы, дене қызуы көтерілуі жұқпалы аурудан емес, дәл осы бөгде заттың әсерінен екені белгілі болды.
Дәрігерлердің айтуынша, ине баланың асқорыту жолы арқылы емес, бауыр тұсынан енгені анықталған. Баланың анасы сәби инені өздігінен жұтпағанын жеткізді.
Түркістан қалалық орталық ауруханасының және Түркістан қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері бірлесіп, шұғыл ота жасап, ем-шараларды толық көлемде жүргізген.
Уақытылы жасалған ота мен тұрақты емнің арқасында сәбидің жағдайы жақсарып келеді.
