Қазақстандық Allur автомобиль компаниясының құрамындағы JAC Motors бренді 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең сұранысқа ие автокөлік маркаларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Компанияның модельдері Қазақстанның жаппай сегментінде тұрақты сұраныс пен бәсекеге қабілеттілігін сақтап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Былтыр JAC маркасының жиынтық сатылымы 10 330 автомобильді құрады. Бұл көрсеткіш брендке деген жоғары сенімді айғақтайды. Сатылымның оң динамикасы әсіресе автонарық үшін дәстүрлі түрде ең қызу кезең саналатын желтоқсан айында байқалды. Осы айда JAC 1 543 автомобиль сатып, ел бойынша барлық маркалар арасында бесінші орынға көтерілді.

Жылдың маңызды жетістіктерінің бірі - JAC S3 Pro ықшам кроссоверінің Қазақстандағы ең көп сатылған ТОП-10 автомобильдің қатарына енуі. Жыл қорытындысы бойынша бұл модельдің сатылымы 5 133 бірлікті құрады.
"JAC S3 Pro моделінің жыл қорытындысы бойынша ТОП-10-ға енуі - ең алдымен, тұтынушыларымыздың сенімінің көрсеткіші. Біз сатып алушылардың JAC автомобильдерінің практикалығы, қолжетімділігі және Қазақстан жағдайына бейімделуін жоғары бағалайтынын көріп отырмыз", - деді JAC Motors Qazaqstan дистрибуциясының сату бөлімінің басшысы Данияр Шамұхажы.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан нарығындағы ең көп сатылған алғашқы он модельдің барлығы ел ішінде өндірілген. Бұл тізімдегі JAC-тың болуы жергілікті өндірістің отандық автокөлікадол индустриясын дамытудағы, жұмыс орындарын құрудағы және өнеркәсіптік экожүйені қалыптастырудағы стратегиялық маңызын көрсетеді. JAC S3 Pro моделі Қостанайдағы Allur зауытында ұсақ торапты жинақтау әдісімен шығарылады.
Қазақстанның Автокөлік Одағы дерегінше, 2025 жыл Қазақстанда жаңа жеңіл және коммерциялық автомобильдер сатылымы 200 мың бірліктен асқан екінші жыл қатарынан тіркелді. Нарықтың өсуі тұтынушылардың ресми брендтерге және жергілікті өндірістегі автокөліктерге деген сенімінің жоғары екенін аңғартады.

2026 жылы JAC Motors Qazaqstan модельдік қатарды кеңейтуді, жергілікті қатысуды күшейтуді және қазақстандық автокөлік иелерінің қажеттіліктеріне бағытталған клиенттік сервистерді дамытуды жоспарлап отыр. Компанияның басты мақсаты - нарықтағы ұзақмерзімді әрі тұрақты өсім.
JAC бренді туралы
JAC Motors - 60 жылдан астам тарихы бар қытайлық автокөлік өндіруші. Компанияның жылдық өндірістік қуаты 1 миллионнан астам автомобильді құрайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары Қытайда, Италияда және Жапонияда жүргізіледі, ал өнімдері 120-дан астам елге экспортталады. JAC жеңіл автомобильдерден бастап электробустарға дейінгі техниканың кең спектрін шығарады.

Қазақстанда JAC бренді 2015 жылдан бері Allur компаниясының құрылымында ұсынылып келеді. Елде жергілікті өндіріс пен дистрибуция жолға қойылған. Allur зауыты - Қазақстан Республикасында автокөліктің барлық түрін толық өндірістік циклмен шығаратын бірегей кәсіпорын.
