Испанияда әлем чемпионатындағы жеңісті тойлау кезінде 13 жастағы жасөспірім көз жұмды

Испанияда әлем чемпионатындағы жеңісті тойлау кезінде 13 жастағы жасөспірім көз жұмды
ашық дереккөз

Испанияның Сьюдад-Родриго қаласында футболдан ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы жеңісін тойлау қайғылы жағдаймен аяқталды. Оқиға салдарынан 13 жастағы жасөспірім қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Europa Press агенттігі мәліметінше, ұлттық құраманың жеңісін атап өту үшін жастар қаладағы субұрқақтың маңына жиналған. Сол сәтте субұрқақтың құрылымының бір бөлігі опырылып, тас жасөспірімнің үстіне түскен.

Дәрігерлер оған дереу көмек көрсеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Тағы үш адам түрлі жарақат алып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Қайғылы оқиғадан кейін Сьюдад-Родриго әкімдігі үш күндік аза тұту жариялады.