Испания королі VI Фелипе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Король VI Фелипе Испания құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтағаны үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді.
Испания королі алғыс хатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тілеп, Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізді.