Испания - чемпион, Мбаппе - алтын бутсы: Трамп тамашалаған әлем чемпионаты

Испания - чемпион, Мбаппе - алтын бутсы: Трамп тамашалаған әлем чемпионаты
Фото: CHRIS BRUNSKILL/FANTASISTA/GETTY IMAGES

АҚШ, Канада және Мексикада өткен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Финалда Испания құрамасы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, тарихта екінші рет әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Нью-Джерсиде өткен финалдың негізгі уақытында есеп ашылмады. Қосымша уақыттың 106-минутында алаңға шыққан Ферран Торрес жеңіс голын соқты.

Финалды АҚШ президенті Дональд Трамп та тамашалады. Ол ойыннан кейін FIFA президенті Джанни Инфантиномен бірге марапаттау рәсіміне қатысып, футболшыларға медаль табыстады.

Турнирдің үздік сұрмергеніне берілетін "Алтын бутсыды" Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе иеленді. Ол әлем чемпионатында 10 гол соғып, бұл жүлдені мансабында екінші рет жеңіп алған алғашқы футболшы атанды. Мбаппе 2022 жылғы Қатардағы мундиальда да үздік сұрмерген болған еді.

Әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанған Родриге "Алтын доп" табысталды. Испания қақпашысы Унаи Симон үздік қақпашы жүлдесін алса, Пау Кубарси турнирдің үздік жас ойыншысы деп танылды.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде Англия Францияны 6:4 есебімен жеңді. Осылайша, алғаш рет 48 құрама қатысқан және жалпы 104 матч өткен әлем чемпионаты Испанияның жеңісімен аяқталды.