Иран АҚШ-тың Кувейт пен Бахрейндегі әскери базаларына соққы жасады

Иран АҚШ-тың Кувейт пен Бахрейндегі әскери базаларына соққы жасады
ашық дереккөз

АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Ирандағы стратегиялық нысандарға екінші мәрте әуе шабуылын жасады. Бұған жауап ретінде Иран зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базалары орналасқан Кувейт пен Бахрейн аумағына бағыттады, деп хабарлайды dalanews.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияда өткен НАТО саммиті аясында бейбіт келісімнің жүзеге аспай қалғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол қақтығыс ұзаққа созылмайтынына сенімді екенін айтып, «бәрі өте тез аяқталады» деп мәлімдеді.

Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Ғалибаф Ормуз бұғазы тек Иранның талаптары негізінде ғана ашылатынын, «АҚШ-тың қысымымен емес» екенін айтты.

Сондай-ақ Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ДНЯҚТ) құрамынан шығуы мүмкін екенін және әскери ядролық доктринасын қайта қарастыратынын ескертті.

Бейбіт келісімнің бұзылуы аясында әлемдік мұнай нарығында баға күрт өсіп, Brent маркалы мұнайдың құны бірден 5%-ға қымбаттап, барреліне 80 долларға жуықтады.