Freedom Inside '26

Ипотека алуды жоспарлап жүргендерге маңызды жаңалық айтылды

Ипотека алуды жоспарлап жүргендерге маңызды жаңалық айтылды
gov.kz

Қазақстанда ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарна көлеміне байланысты белгіленеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ипотекалық несиелер бойынша сараланған мөлшерлеме жүйесі енгізіледі. Жаңа тәртіпке сәйкес тұрғын үй құнының кемінде 30 пайызын бастапқы жарна ретінде төлеген азаматтар ипотеканы төменірек мөлшерлемемен рәсімдей алады.

Ережеге сай несие сомасының кепілге қойылған мүлік құнына қатынасы (LTV) 0,7-ден аспаса, шекті мөлшерлеме 20 пайызға дейін белгіленеді. Ал бұл көрсеткіш 0,7-ден жоғары болса, мөлшерлеме 25 пайызға дейін жетуі мүмкін.

2026 жылдың соңына дейін қолданыстағы 25 пайыз деңгейіндегі мөлшерлеме сақталады.

Мамандардың сөзінше, бастапқы жарна неғұрлым жоғары болған сайын қарыз алушы үшін несие құны төмен болады.