«iKomek109» – денсаулық саласы бойынша елордалықтардың өтініштеріне жауап беруді оңтайландырды

Dalanews 12 қар. 2019 12:47 752

«iKOMEK109» орталығының ақпараты бойынша, жыл басынан бері 4 қарашаға дейін 283 474 өтініш келіп түсті. Оның 277 119 консультациялық сипатқа ие, ал 6 355 – шағым, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бір ай бұрын қалалық «iKomek109» мониторинг және жедел әрекет ету орталығының алаңында Нұр-Сұлтан медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің қатысуымен алғашқы кеңейтілген отырыс өтті.

Сол кезде ауруханалар мен емханалардың басшылары «iKomek109» мобильдік қосымшасы арқылы өтініштермен жұмыс істей бастады және тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстарына жеке жауап берді. Айдың қорытындысы бойынша 2019 жылдың 9 қазанында бас дәрігерлердің қатысуымен жиын өткізгеннен кейін шағымдар мен жағдаяттарға ден қою уақытының едәуір азайғаны, жағдаяттарды жабу уақытының 2 күнге дейін қысқаруы байқалады, бұрын жағдаяттарды жабуға орта есеппен 5 күн кететін.


Сонымен қатар, қазан айының қорытындысы бойынша медициналық қызметкерлердің атына келген алғыстардың 3 еседен астамға артқаны байқалады. Алғыстардың көпшілігі №9 қалалық емханананың атына келіп түскен – 42%.

– iKOMEK109 қалалық орталығы мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоян-қолтық жұмыс жасауы арқылы елеулі нәтижелерге қол жеткіздік. Бұл қазір цифрлық технологиялардың мемлекеттік секторда қажет екенін көрсетеді және біз елордадағы тұрмыс сапасын жақсарту үшін өз сервистерімізді жетілдіруді жалғастырамыз, – деді «iKomek109» қалалық мониторинг орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.



Айта кетейік, Естеріңізге сала кетейік, бүгінде әрбір қала тұрғыны iKOMEK109 қалалық орталығына өтініш беріп, оның атқарылу дәрежесін цифрлық сервистердің кең ауқымымен: әкімдіктің ресми сайты www.astana.gov.kz; Whatsapp-бот: +7-747-109-0-109 (https://wa.me/+77471090109); Telegram-бот: https://t.me/nursultanikomek109_bot арқылы қадағалай алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар