Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елде отандық такси платформасын әзірлеу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Журналистер министрге "Қазақстан өз платформасын әзірлеу мүмкін бе?" деген сауал қойған.
"Яндекс" жұмыс істеп жатыр. Олар платформаның жұмысын тұрақтандыруға кірісті", - деді бұған дейін Жаслан Мәдиев.
Айта кетейік, "Яндекс" деректер орталығы ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылынан кейін жұмысын тоқтатқан еді. Компания келтірілген шығынды бағалап, пайдаланушыларға апат жағдайында жұмысты қалпына келтірудің балама жоспарларын қолдануды ұсынған болатын.
Осыдан кейін компанияның баспасөз қызметі "Яндекс Go" командасы сервистердің жұмысын қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Ал премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы такси және тамақ жеткізу нарығын сұраныста деп санайтынын, "Яндекстен" бөлек, жаңа онлайн экожүйелер пайда болады деп үміттенетінін мәлімдеді.