Huawei компаниясы талантты жастарды қолдауға 150 миллион доллар бөлді

Dalanews 03 нау. 2023 13:17 679

Huawei және Юнеско ел ішінде цифрлық білім деңгейін арттыру бойынша бірлескен жоспарларын жария етті деп хабарлайды Dalanews.kz. 

2023 жылы өтетін Дүниежүзілік Мобильді конгреске дайындық аясында Huawei ЮНЕСКО-ның сауаттылықты арттыру жөніндегі жаһандық альянсына Global Alliance for Literacy (GAL) қосылатынын жариялады. Бұл туралы  Huawei компаниясы GAL хатшылығы ретінде қызмет ететін Үздіксіз білім беру Институтымен (Lifelong Learning) бірлесіп ұйымдастырған цифрлық саммитте хабарлады.

Саммитте Huawei және UIL білім деңгейін жетілдіру үшін технологияларды бірлесіп пайдалануға жәрдемдесетін болып шешті. Сондай-ақ тараптар екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осыған сәйкес Huawei дамушы елдердегі ұстаздардың технологияларды пайдалануын жақсартуға көмектесетін UIL-дің барлық бастамаларын қаржыландырады. Қазір UIL-дің бастамасы Бангладеште, Кот-д'Ивуарда, Египетте, Нигерияда және Пәкістанда жүзеге асып жатыр.

Біле білсек, Huawei – Жаһандық сауаттылық альянсы  қауымдастығы мүшесі болған алғашқы жекеменшік компанияның бірі. Олардың көздеген мақсаттары да бір: яғни жастарға цифрлық білім беру.


«Сәт  сайын толассыз өзгеріп отырған заман өмір бойы сапалы білім алу үшін күшімізді біріктіріп, сенімді серіктестікті құруды қажет етеді», – дейді UIL директоры Дэвид Этчоарена іс-шара барысында.

Оның айтуынша, мұндай тәжірибе алмасудың өз артықшылығы бар.

– Huawei компаниясының инновацияларды үйренудегі тәжірибесі Жаһандық сауаттылық альянсы үшін үлкен артықшылық деп айтуға болады. Осындай бірлескен жобалар бұл қоғамда ешкімнің артта қалмауын қамтамасыз етеді, – дейді Этчоарена.



Huawei корпоративтік коммуникациялар жөніндегі Вице-президенті Вики Чжанның айтуынша:

«Өмірде жетістікке жетудің жолы – дұрыс білім алу. Технология секторындағы  әлемге әйгілі компанияның бірі ретінде Huawei өзін әлемнің түкпір-түкпірінде технологиялық әдіс-тәсілдерді қамтамасыз етуге жауапты деп санайды. Сол себепті оны елге сіңіру  үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз.  Осы міндетті тиімді жүзеге асыруда ЮНЕСКО-мен күш біріктіргенімізді мақтан етеміз».

Huawei цифрлық талантты – цифрлық трансформацияға, сенімді экономикалық өсуге және өмір сапасын жақсартуға қол жеткізудің негізгі факторы деп санайды.

Осыған орай Huawei 2008 жылдан бастап талантты адамдарға арналған ауқымды әрі тұрақты түрде дамып отыратын бағдарламаны ұсынады. «Seeds for the Future» бағдарламасының қолдауымен Huawei жыл сайын он мыңдаған адамға (жас ерекшеліктеріне қарамастан) стипендия мен цифрлық оқыту курстарын ұсынады. Сонымен қатар компания студенттердің білімін жетілдіре түсетін сайыстарды ұйымдастырып қана қоймай, олардың бағалы сыйлық иеленіп, жаңа достар табуына мүмкіндік береді.

Бүгінде Huawei-дің «Seeds for the Future» бағдарламасы 150-ден астам елде 2,2 миллиондай талантты жастардың  өсуіне жол ашты.


Компанияның ақпараттық-коммуникациялық технология академиялары жыл сайын 200 мыңға жуық студентті оқытып жатыр. 2021 жылы Huawei 150 миллион АҚШ долларын инвестициялағанын және 2026 жылға дейін талантты жастардың білімін арттыру үшін тағы 150 миллион АҚШ доллар инвестиция бөлетінін айтқан еді.  Бұл  бағдарламаны тағы 3 миллиондай адам пайдалана алады.

 

https://dalanews.kz/news/83274-qazaq-zhastarynyng-it-industriiadagy-ideia

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар