2026 жылғы 12 тамызда HUAWEI компаниясы Алматы қаласында жаңа флагмандық HUAWEI Pura90s смартфондар сериясының тұсаукесерін өткізді. Жаңа желіге HUAWEI Pura90s Pro және HUAWEI Pura90s Pro Max модельдері енді. Құрылғылар сәнді дизайнды, озық технологияларды және кәсіби деңгейдегі мобильді фототүсірілім мүмкіндіктерін біріктіріп отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Презентацияның басты тақырыбы – камера. Компания жаңа серия арқылы пайдаланушыларға сапалы сурет түсіріп қана қоймай, сәтті кадрды оңай табуға, табиғи түстерді дәл жеткізуге және ұсақ бөлшектерді жоғалтпай сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мінсіз сәтті түсіруге көмектесетін камера
HUAWEI Pura90s Pro Max моделінің басты артықшылығы – әртүрлі сюжеттерді түсіруге арналған қуатты камера жүйесі. Смартфон портреттерді, қала көріністерін, алыстағы нысандарды және көзге бірден байқала бермейтін ұсақ детальдарды жоғары сапада түсіруге мүмкіндік береді.
Флагмандық модель ультра-үлкен сенсоры бар 200 МП телефотообъективпен жабдықталған. Ол алыстағы нысандарды жоғары айқындықпен түсіруге және үлкейту кезінде кадр сапасын жоғалтпауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бейнежазбаны 20 еселік зуммен түсіруге болады. Телефотообъектив табиғи әрі әсерлі портреттер жасауға да көмектеседі.
Компания түстердің дәл берілуіне ерекше назар аударған. XMAGE екінші буын технологиясының арқасында суреттердегі реңктер шынайы көрініске барынша жақын болып, пайдаланушының көзімен көрген бейнесін дәл жеткізуге ұмтылады.

Кадрды дұрыс алуды білетін жасанды интеллект
Жаңа серияның ең қызықты мүмкіндіктерінің бірі – «ЖИ көмегімен композиция құру» функциясы. Ол суретке түсіру барысында пайдаланушыға тиімді ракурсты таңдауға көмектеседі. Смартфон экранда арнайы визуалды нұсқаулар ұсынып, кадр композициясын дұрыс құруға және ең сәтті сәтті жіберіп алмауға мүмкіндік береді.
Бұл әсіресе фотографияның қыр-сырын терең білмейтін, бірақ кәсіби көрінетін суреттер түсіргісі келетін пайдаланушылар үшін өте ыңғайлы.
Белсенді өмір ырғағына арналған флагман
Камерадан бөлек, HUAWEI Pura90s сериясы күнделікті қолдануға ыңғайлы техникалық сипаттамалармен жабдықталған.
Екі модель де 6000 мА·сағ сыйымдылықтағы аккумулятормен келеді. Ал Pura90s Pro Max смартфоны 100 Вт қуаттағы HUAWEI SuperCharge жылдам зарядтау технологиясын қолдайды. Бұл пайдаланушыға қуат көзіне тәуелді болмай, күні бойы байланыста болуға мүмкіндік береді.
Құрылғының сенімділігін Kunlun Glass әйнегі арттырады. Ол шағылысты азайтып, сызаттарға төзімділігімен ерекшеленеді. HUAWEI зертханалық сынақтарының нәтижесіне сәйкес, бұл әйнек шағылысуды 70%-ға азайтып, сызаттарға төзімділікті 16 есе, ал соққыға беріктікті 25 есе арттырады.
Сонымен бірге смартфондар Pura сериясына тән ерекше дизайн стилін сақтап қалған. Жарқын түстер мен айрықша пішін жаңа құрылғыны технологиялық гаджет қана емес, сәнді аксессуарға да айналдырады.

HUAWEI Pura90s сатылымға шықты
Презентация барысында қонақтар жаңа смартфондармен жақынырақ танысып, камера мүмкіндіктерін сынап көріп, серияның негізгі функцияларын тәжірибе жүзінде бағалады.
HUAWEI Pura90s Pro және HUAWEI Pura90s Pro Max модельдері 14 тамыздан бастап Kaspi-дегі Huawei Official Store ресми дүкенінде және HUAWEI компаниясының ресми серіктестерінде сатылымға шығады.
Жаңа флагмандық серияның бағасы 399 990 теңгеден басталады. HUAWEI Pura90s смартфондары мобильді фототүсірілімнің жаңа деңгейін ашуға мүмкіндік береді.