Home Credit Bank биыл ШОБ үшін цифрлық банкті іске қосады

Dalanews 19 қаң. 2023 13:31 725

Қазақстандық Home Credit Bank шағын және орта бизнес клиенттері үшін цифрлық банкті іске қосуды жоспарлап отыр, онда кәсіпкерлер барлық операцияларды онлайн түрде жүзеге асыра алады.

«Қазақстанда жұмыс істеген 18 жыл ішінде Home Credit Bank тұрақты және табысты банк ретінде танылды.

Бүгінгі таңда біз 1,5 миллионнан астам клиентке қызмет көрсетеміз және тұтынушылық кредиттеу саласындағы көшбасшылардың бірі болып табыламыз. Осы сараптаманың көмегімен біз ШОБ секторында да сауданы ұлғайтуға көмектесе аламыз деп сенеміз, өйткені бөлшек сауда сегменті республиканың барлық заңды тұлғаларының 50%-дан астам бөлігін құрайды.

ШОБ үшін толық цифрлық банкті құру Home Credit Bank дамуының жаңа кезеңі болады және біздің бизнесімізді әртараптандыруға мүмкіндік береді.


Бүгінгі таңда банктер классикалық және цифрлық шешімдерді ұсына отырып, ШОБ клиенттері үшін белсенді бәсекелеседі. Алайда нарықтағы ұсыныс бізге жеткіліксіз болып көрінеді», - деп атап өтті «Home Credit Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Кирил Бачваров.



Цифрлық банкте кәсіпкерлердің күнделікті міндеттеріне қажетті ұлттық және шетел валютасындағы аударымдар, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің барлық түрлері, валютаны айырбастау, кредиттеу және бөліп төлеу бағдарламалары, банктегі шоттар мен өнімдер және оларды басқару, чат арқылы 24/7 банкпен байланыс сияқты өнімдер қолжетімді болады.

Бұл операциялардың барлығын кәсіпкерлер бөлімшелерге бармай-ақ мобильді қосымша арқылы жүзеге асыратынын атап өту жөн.

Қосымша біздің кәсіпкерлеріміздің әдеттегі үлгілерін сақтай отырып, UI/UX дизайнына жаңа көзқараспен жобаланатын болады, бұл оларға барлық операцияларды тез әрі оңай орындауға мүмкіндік береді.

Процестер мен өнімдердегі барлық өзгерістер тек кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне ғана негізделеді. ШОБ үшін цифрлық банкті іске қосу 2023 жылдың үшінші тоқсанында жоспарланып отыр.



«Кәсіпкердің қажеттіліктерін бағалай отырып, біз оған ыңғайлы және дұрыс шешімдерді ұсына аламыз. Шағын және орта бизнеске арналған біздің мобильді қосымшамыз жеке тұлғаларға арналған ең үздік қызметтер сияқты қарапайым болады.

Түсінікті интерфейс және экрандарды өз қажеттіліктеріңізге «баптау» мүмкіндігі өнімнің айрықша ерекшеліктерінің бірі болады. Ыңғайлылық пен функционалдылықты бір қосымшаға біріктіру арқылы цифрлық банк кәсіпкерге барлық операцияларды оңай жүргізуге мүмкіндік береді.

Біздің команда Альфа Банкте қысқа мерзім ішінде шағын және орта бизнес үшін ыңғайлы цифрлық банк құрып, нарық көшбасшылары қатарына қосылғандығын атап өту жөн. Оған қоса трендсеттер болып, алғашқы мобильді қосымша, цифрлық онбординг, бөлімшелерге бармай-ақ шотты онлайн ашу және бизнеске арналған қаржылық емес сервистер сияқты қызметтерді іске қосты.

Home Credit Bank-те біз өз сараптамамызды пайдалана отырып, нарықты инновациялық өнімдермен таң қалдыруды жоспарлап отырмыз», - деп түсіндірді Дамир Какиев, «Home Credit Bank» АҚ ШОБ Блогының жетекшісі.

Келесі үш жылда ол бизнеске арналған Home Credit Bank цифрлық банкі үшін үлкен мақсат қояды - өз сегменті бойынша Қазақстандағы көшбасшылар үштігіне кіру.


Алдағы екі жылда цифрлық банкті дамытуға салынған инвестициялар шамамен $20 млн құрайды деп күтілуде. Жаңа жобаның арқасында 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Home Credit Bank акционерлері Еуропалық меншік иелері атынан Қазақстанда ШОБ сегментін дамытудың үлкен перспективаларын көріп отыр.

Ол бүгінде барынша қарқынды дамып келеді. 80%-дан асатын қолма-қол ақшасыз айналымның өсуі, сондай-ақ Қазақстанда GovTech-тің дамуы аясында банктер өз шешімдерін әртүрлі мемлекеттік базалармен біріктіріп, операциялардың көп бөлігін клиенттерге онлайн режимде ұсына алады.

«Қазақстанда цифрлық қызметтер үшін қолайлы жағдайлар жасалған: соңғы бірнеше жылда республика осы бағытта белсенді өсіп келеді және цифрландыру рейтингінде 30 ел қатарына кіреді», - деп толықтырды Дамир Какиев.

Диджитал банк құру қосымша филиалдар ашпай-ақ клиенттік базаны құруға мүмкіндік береді. Бұл ретте кәсіпкерлердің өздері қаржы институттарынан цифрлық шешімдерді күтуде.

Жобаны іске қосу қарсаңында жүргізілген зерттеу кәсіпкерлер тарапынан сапалы Digital сервистерге сұраныс айтарлықтай жоғары екенін көрсетті.

Бизнестің жаңа түрін іске асыру үшін Home Credit Bank Kazakhstan-ға белгілі банкир және қаржыгер Дамир Какиев шақырылды. Оның басшылығындағы команда Альфа Банкте ШОБ жобасын сәтті жүзеге асырды. 5 жылдан аз уақыт ішінде бұл банк классикалық корпоративтік қаржы институтынан шағын және орта бизнес пен жекелеген клиенттерге арналған цифрлық банкке айналды.

The Banker, AsiaMoney, World Business Outlook Awards халықаралық басылымдары Альфа Банкті бірнеше рет ҚР-дағы ШОБ үшін Үздік банк деп таныды, ал оның бизнеске арналған қосымшасы Markswebb және SME Banking нұсқалары бойынша ЕДБ арасында №1 деп аталды. Сондай-ақ, банк ШОБ сегментіндегі белсенді клиенттік база бойынша топ-3 қатарына кірді.

Дамир Какиев – 15 жылдық тәжірибесі бар банкир, ҚР еңбек сіңірген қаржыгері. Сбербанк пен Альфа Банкте басшылық позицияларда жұмыс істеді. Өзбекстан және Тәжікстан банктеріндегі Директорлар кеңесінің мүшесі. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ШОБ дамыту комитетінің мүшесі. Кәсіпкер, IT және консалтинг саласындағы компаниялардың негізін қалаушы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар