«Иә, қазақ тілін үйрене беремін. Меңгере беремін. Тілді үйреніп жүргенім үшін маған қолдау керек. Себебі, мемлекеттік тілді үйренуді енді ғана бастадым. Неге дейсіздер ме? Өйткені, 50 жыл бойы мен орысша ойлап, орысша оқып, орыстардың ортасында жұмыс істедім», — деген екен Мәжіліс отырысынан шыққан Гүлжан Қарағұсова.
Бұған дейін Гүлжан Қарағұсова БАҚ өкілдеріне қазақша сұқбат беремін деп күлкіге қалған.
«Азаттық радиосы» видеоматериалында Қасым-Жомарт Тоқаевтың «бірінші сыныпқа ағылшын тілін оқыту қажет пе осы?» деп көтерген мәселесіне депутаттар жауап берген.
Қарағұсова бұл сауалға қазақша жауап беруге тырысқан-тұғын. Былайғы жұрт депутаттың не дегенін ұқпай, оның сөзін күлкіге айналдырған еді.
https://www.youtube.com/watch?v=AE8Nh82ptDg