ГПХ-ға шектеу қойылды: енді жасырын еңбек болмайды

Самал Асқар 19 нау. 2026 13:23

Сенат еңбек құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған заңды қабылдады, деп хабарлайды Dala News.

Жаңа нормаға сәйкес, азаматтық-құқықтық шарттарды (ГПХ) еңбек қатынастарын жасыру үшін пайдалануға тыйым салынады.

Заңда еңбек қатынастарының нақты белгілері де көрсетілген. Атап айтқанда:
– белгілі бір қызмет немесе мамандық бойынша жұмыс істеу,
– қызметкердің ішкі тәртіпке бағынуы,
– еңбекақының жұмыс нәтижесіне емес, процесіне төленуі.

Осы белгілер бар жағдайда жұмыс беруші міндетті түрде еңбек шарты рәсімдеуі тиіс.

Сонымен қатар заңда бірқатар маңызды әлеуметтік өзгерістер қарастырылған. Енді 14 жасқа дейінгі баласы бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыс беруші өз бастамасымен жұмыстан шығара алмайды.

Бұдан бөлек, еңбек дауларын шешу кезінде тәуелсіз делдал тарту мүмкіндігі енгізіледі, ал өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу комиссиясына адвокат немесе жақын туыстарды қатыстыруға рұқсат беріледі.

Жаңа заң жұмысшылардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, еңбек қатынастарын ашық әрі әділ етуге бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove