Жасанды интеллект әлеміндегі ең беделді тұлғалардың бірі, әйгілі Google Research-тің бұрынғы директоры, әлемдегі №1 AI оқулығы «Artificial Intelligence: A Modern Approach» авторларының бірі Питер Норвиг Қазақстанның жоғары білім, ғылым және технология бағытындағы реформаларын жоғары бағалады, деп хабарлайды Dalanews.kz
Ол бұл пікірін Кай-Фу Лидің шақыруымен Қазақстан Президенті жанындағы ЖИ дамыту кеңесіне қатысқаннан кейін айтты.
Питер Норвигтің айтуынша:
* Қазақстан – мұнайлы ел, бірақ экономикасын ИИ бағытына батыл бұрып отырған мемлекет.
* Елдің демографиясы жас, жастар технологияға қатты қызығады.
* Білімге ерекше көңіл бөлінген: қазір елде 30-ға жуық шетелдік университет филиалдары жұмыс істейді.
* Қазақстан иммиграция шектеулерін дұрыс пайдаланып, шетелдік студенттерді көп тартып жатыр, өз студенттерін де халықаралық деңгейде оқытуда.
* Startup экожүйесі венчурлық капиталға емес, мемлекеттік гранттарға сүйенеді — бұл ерекше модель, бірақ нақты нәтиже беріп жатыр.
* Елде алғашқы «единорогтар» пайда болды.
Ең маңыздысы — Үкімет ұзақ мерзімді, байыпты курсты ұстанып отырғанына қоғамды сендіре алған.
Норвигтің айтуынша, Қазақстан билігінің айқын бағыты, тұрақты саясаты және технологияға салған инвестициясы елдегі инновациялық экожүйенің жылдам өсуіне жағдай жасап жатыр.
