Ғылыми жобалар экономикаға 118 млрд теңге кіріс әкелді – Саясат Нұрбек

Қаракөз Амантай 11 нау. 2025 13:03 612

Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми жобалардың үлесі артып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, 2016 жылдан бері Ғылым қоры ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру бойынша 6 конкурс өткізген. Осы уақыт ішінде 2 148 өтінімнің 1 681-і сараптамадан өтіп, 416 жоба мақұлданған. Оның ішінде 386 жоба қаржыландырылып, қазіргі таңда 208-і сәтті жүзеге асуда.

“Бүгінде 25 жоба экспортқа шықты, алтауы 1 млрд теңгеден астам сатылым көлеміне жетті. Жалпы, ғылыми жобалардың экономикаға қосқан үлесі 118,4 млрд теңгені құрады. Алайда соңғы үш жылда коммерцияландыруға қаржыландыру да, қоса қаржыландыру да қарастырылмады. Биылдан бастап бұл бағытқа қаржы бөлінді”, — деді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін министр еліміздегі ғалымдарға жасалып жатқан жағдайлар туралы да баяндаған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар