Германия Украинаға зенитті Gepard қондырғысын беретін болды

Dalanews 26 сәу. 2022 14:28 653

ГФР-дің Қорғаныс министрі Кристина Ламбрехт бүгін НАТО-ға мүше елдердің Германияның Ramstein әскери әуе базасында өткен басқосуда Украинаға өздігімен жүретін зенитті Gepard қондырғысын беретінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Германияның Ramstein әскери әуе базасында өткен кездесуде  НАТО мен ЕуроОдақ мүше елдердің Қорғаныс министрлері Украинаға көмек-қолдауын арттыруға бір ауыздан келісті.

Gepard қондырғысын немістер 1973 жылдан бері шығарып келеді. Бұл қарумен құрлық әскерінің қорғанысын күшейтіп, үш шақырым биіктікте ұшып келе жатқан әскери ұшақтарды атып түсіруге болады. Сонымен қатар Gepard қондырғысы 4,5 шақырым қашықтықтағы судағы кемелер мен құрлықтағы әскери нысандарды жоюға мүмкіндік береді.


Әскери машина 35 миллиметрлік зенитті снарядпен және 7,26 калибрлі пулеметпен жабыдықталған.

Германияның Қорғаныс өнеркәсібі 500-ден астам Gepard қондырғысын шығарған. Бұл қару қазіргі таңда Германия, Румыния, Барзиля және Иорданияның қарулы күштерінде тұр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар