Германия Қазақстанға бұрынғы көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті экстрадициялаудан бас тартты. Бұл ақпаратты Қазақстанның Бас прокуратурасы растады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Бас прокуратура өкілдері істің барлық мән-жайын анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар тергеу шетел мемлекеттерінің құзырлы органдарымен бірлесіп жүргізіліп жатқаны айтылды.
Еске салайық, Германияда Мақсат Дүйсеновке қатысты қылмыстық іс тіркелген болатын.