Резиденцияға шабуыл түнгі бірлерде жасалған. Шабуылдан президенттің әйелі Мартина Моиз жараланып, ауруханаға жеткізілген.
«7 шілде түнде белгісіз адамдар президенттің жеке резиденциясына шабуыл жасап, өлтіріп кетті. Шабуылдағандардың кейбірі испан тілінде сөйлеген» деп мәлімдеді ел үкіметі.
Гаити премьері Клод Жозеф елдегі жағдай полиция мен қарулы күштердің бақылауында екенін мәлімдеді. Ол президентке қастандықты «варварлық әрекет» деп атады. Жозеф елді уақытша басқаратынын да айтты.
Жовенель Моиз 2017 жылы ақпанда билікке келген. Ол 2016 жылы қарашада өткен президент сайлауында жеңімпаз деп танылған.
2018 жылы қазанда Моизге Пон-Руж қаласында шабуыл жасаған. Ол тәуелсіз Гаитидің негізін қалаушы және бірінші президенті Жан-Жак Дессалиннің ескерткішіне гүл қойып жатқанда белгісіз біреулер оқ атқан. Шабуылдан президенттің екі оққағары зардап шеккен, Моиз аман қалған.
Моизаны жемқорлыққа айыптайтындар көп, елде оған қарсы жиі наразылық өтіп тұратын.