Ғалымдарымыз отқа төзімді фольга ойлап тапты

Dalanews 04 қаң. 2017 03:50 938

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ қарасты «Жер туралы ғылым, металлургия және өңдеу орталығы» АҚ ғалымдары қоспалы-диффузиялық вольфрам, молибден, цирконий және алюминий негізінде ниобий мен танталдан жаңа диффузиялық фольга ойлап тапты деп, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.

Ғылыми жобаға «Жер туралы ғылым, металлургия және өңдеу орталығы» АҚ вице-президенті, техника ғылымдарының кандидаты А.В.Паничкин жетекшілік жасағаныны айта кетуіміз керек.

Балқуы қиын ниобий мен танталдан жасалған фольга іс барысында өзінің коррозия мен жоғары температураға төзімділігімен ерекшеленген. Мамандар қазақс ғалымдары дайындаған жаңа фольга мұнай өңдеу зауыттарында, металлургия, химия өнеркәсібінде, кокс өндіруде кеңінен пайдалануға болатынын алға тартуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар