Филиппинде жер сілкінісінен 60 адам қаза тапты

Қаракөз Амантай 01 қаз. 2025 09:51

Филиппин азаматтық қорғаныс басқармасы жер сілкінісі салдарынан 60 адам қаза тапқаны туралы хабарлар алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін GMA News телеарнасы азаматтық қорғаныс басқармасына сілтеме жасап, Себу провинциясының жағалауында болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 26-ға жеткенін, 147 адам зардап шеккенін хабарлаған еді.

“Бізге 60 адамның қаза тапқаны туралы хабар келіп жатыр”, — дейді басқарманың уақытша қызмет атқарушы басшысы.

30 қыркүйекте АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) Филиппин жағалауында магнитудасы 6,9 жер сілкінісі болғанын мәлімдеді. Ол Астана уақытымен сағат 18:59-да, Калапе муниципалитетінен 11 километр қашықта тіркелген. Екі сағат өткен соң Либертад қаласында магнитудасы 5,0 болатын қайталама жер сілкінісі болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар