2023 жылғы 2 мамырда ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтары мәселелері жөніндегі Франция Республикасының делегат – министрі Оливье Бештпен кездесті.
Кездесуде энергетика саласындағы ынтымақтастықтың келешегі, сонымен қатар Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары талқыланды.
АЭС Алматы облысындағы Үлкен кентінің ауданында бой көтереді деп күтілуде. Энергетика министрлігінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары 10 жылға дейін созылуы мүмкін.
Елдің 2035 жылға дейінгі энергетикалық саясатында жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын атом электр станциясын салу көзделген.
Қазақстан қарастырып отырған ядролық технологияны әлеуетті жеткізушілер тізіміне келесі төрт компания кіреді. Бұлар: Қытайдың CNNC, Францияның EDF және Оңтүстік Кореяның KHNP және Ресейдің Росатом-ы.
https://dalanews.kz/ekonomika/88872-home-card-lite-ieleri-osy-zhyldyng-algashqy-3-ayynda-556-m