Француз телеарнасы Димаш жайлы репортаж жасады (видео)

Dalanews 22 нау. 2017 05:07 276

Франциялық мемлекеттік France 2 телеарнасы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің феномені туралы репортаж жасажы.

Сюжет Францияның таңғы телеаудиториясының 40 пайызын қамтитын Telematin бағдарламасында көрсетілді.  Бағдарлама орыс тіліндегі субтитрлерімен YouTube хостингінде пайда болды. Бағдарлама жүргізушілері шалғайдағы Қазақстаннан шыққан жас әншінің Қытайдағы ән байқауына қатысып, әлемде танымал болғаны жайлы айтады.

– Бір қызығы, ол қытай тілінде сөйлемейді, бірақ өте танымал. Оның сұмдық танымалдығының негізгі себебі Қытайдағы дамыған әлеуметтік желілер. Телевизия мен әлеуметтік желілер оны жұлдызға айналдырды, – дейді жүргізуші.  "Димаш – қазақ, ол қытай тілінде бірде-бір сөз сөйлемейді, бірақ оның Weibo желісінде 3 миллионнан аса тыңдарманы бар. Оның видеосы қытай әлеуметтік желілерінде 1,5 миллиард рет қаралған", –  делінеді сюжетте.

Айта кетейік, осыған дейін де Димаш Құдайберген жайлы франциялық БАҚ-тар мақалалар жариялаған болатын. Мәселен, франциялық Le Monde беделді басылымы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жайлы мақала жариялап, оның тез танымал болуының себептеріне үңілген еді. Еске салайық, қазіргі уақытта Димаш Құдайберген I Am a Singer шоуының финалына жетті.

 

https://www.youtube.com/watch?v=wIB3UnmPgxE

 

Дереккөзі: kaz.tengrinews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x