FlyArystan әуе компаниясына айыппұл салынды

FlyArystan әуе компаниясына айыппұл салынды
Фото: astanatimes.com
Жолаушылар құқығын бұзғаны үшін FlyArystan әуе компаниясына жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жолаушылар құқығын бұзғаны үшін FlyArystan әуе компаниясына жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Азаматтық авиация комитеті Алматы – Астана бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде қызметтерді ұсынбауға байланысты (жолаушылар қонақүйге орналастырылмаған, жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай трансфер ұйымдастырылмаған) "FlyArystan" әуекомпаниясына шара қабылдады. Атап айтқанда қатысты Әкімшілік кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

"ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік авиакомпанияларды жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты жалғастыруда", – делінген комитет хабарламасында.

Авиакомпаниялар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шаралар қолданылады.

Бұған дейін, сондай-ақ Атырау-Алматы бағыты бойынша рейсті кешіктірген кезде тиісті қызмет көрсетпегені үшін осы жылдың 24 маусымында «SCAT» әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) құрады.